Құрметті қала тұрғындары!

Қымбатты келуші, медициналық әлеуметтік сауықтыру орталығы сайтына қош келдіңіз!

Есте сақтаңыз!

Денсаулық-басты байлық!

Өте маңызды!

Егер Сіздің жақын адамыңыз ішімдікті шамадан тыс тұтынатын болса, уақыт оздырмай мамандарға жүгініңіз!

1.png2.png3.png4.png5.png6.png7.png8.png

Қазақстанда туберкулез бизнесті дамыту үшін қауіп төндірмейді

 

 

 

Қазақстанда туберкулез емделеді: туберкулезді анықтаудың  инновациялық жеделдетілген әдістері мен оны емдеудің халықаралық стандарттарға негізделген әдістері әрбір азаматқа тегін негізде қолжетімді.

2005 жылдан бастап 2014 жыл аралығында туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 54,9%-ға, өлім көрсеткіші – 76,4%-ға төмендеді.

2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы:

  • туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 9,5%-ға төмендеді.
  • өлім көрсеткіші 12,5%-ға төмендеді. 

Туберкулезді анықтаудың және оны емдеудің халықаралық стандарттарға негізделген инновациялық әдістерінің барлық түрлері қолданысқа енгізілген.

Қазақстан АИТВ-инфекциясынсыз

АИТВ-инфекциясындиагностикалау мен емдеу Қазақстанда әрбір азаматқа қолжетімді және тегін негізде жүзеге асырылады. Республика бойынша жыл сайын 10% астам халық, АИТВ-ға тестілеуден өтеді. 

Профилактикалық шараларды сақтай отырып, АИТВ-инфекциясының алдын алуға болады: кездейсоқ адамдармен қорғансыз жыныстық қатынас жасаудан аулақ болу, уақытылы диагностикадан өту және жыныстық жолмен жұғатын инфекцияны емдеу, залалсыздандырылған аспаптарды пайдалану және АИТВ-ға тест тапсыру. 

АИТВ-мен өмір сүретін, вирусқа қарсы терапия қабылдайтын адамдар ұжымның толыққанды мүшелері және қоғам үшін қауіпті емес болып табылады.