1.png2.png3.png4.png5.png6.png7.png8.png

«Оңалту әлеуеті төмен есірткіге тәуелді науқастарды оңалту ерекшеліктері»

on .

2015 жылдың 15-ші жұлдызында  «Оңалту әлеуеті төмен есірткіге тәуелді науқастарды оңалту ерекшеліктері» тақырыбында жалпы дәрігерлік конференция өткізілді. Баяндаманы дәрігер-нарколог – Бөлекбаева Қ.О. жасады

 

Орталық қызметкерлеріне арналған "Мен кіммін? Мен қандаймын" атты тренинг өтті

on .

2015 жылғы 13 тамызда Орталық  қызметкерлерінің эмоционалды күйіп кету синдромы профилактикасы мақсатында  дәрігер-психотерапевт саламатты өмір салтын қалыптастыру, тұлғаның өзекті проблемаларын түсіну, ішкі ресурстарды жандандыруға бағытталған  "Мен кіммін?, мен қандаймын?" тақырыбында тренинг  өткізді. 

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 170-жылдығын мерекелеу

on .

2015 жылы 4 тамызда МӘСО психотерапия және сауықтыру бөлімшесінде ұлы Абайдың 170-жылдығына арналған іс-шара өтті. Бөлімше пациенттері "Абай мұрасы" поэзия сағатын ұйымдастырып, осы кеште ақынның музыкалық шығармалары мен өлеңдерін орындады.  "Қара сөздері" де ұмыт қалған жоқ.

"Іскерлік саладағы этика және коммуникация ерекшеліктері"

on .

31.07.2015 жылы Орталықта "Іскерлік саладағы этика және коммуникация ерекшеліктері" тақырыбы бойынша жалпы дәрігерлік конференция өткізілді. Презентацияны №2 -ші бөлімшенің ординатор -дәрігері Айнұр Жанатқызы Айтанова ұсынды. Өз презентациясында "этика", "этикет", "сөйлеу этикасы", "этикет нормалары" түсініктерін берді. Қарым-қатынастың кәсіби түрлері жөнінде тоқталды.  Конференция соңында Орталық дәрігерлерінің қатысуымен "Коммуникативность" тренингі жүргізілді. 

"БСК. Классификация. Алкогольді кардиомиопатия. Диагностика және емдеу" тақырыбында жалпы дәрігерлік конференция

on .

23.07.2015 жылы ШЖҚ "МӘСО МКК" БСК. Классификация. Алкогольді кардиомиопатия. Диагностика және емдеу" тақырыбында жалпы дәрігерлік конференция өтті. Тақырып бойынша дәрігер-терапевт А.С.Жұмабаева баяндама жасады. Баяндамада статистикалық мәліметтер, БСК ең жиі кездесетін түрлері, оларды МӘСО жағдайына диагностикалау мен емдеу жөнінде ақпарат берілді.