1.png2.png3.png4.png5.png6.png7.png8.png

Наркологиялық науқастарда арналған әлеуметтік оңалту бөлімшесі ашылды

on .

12.03.2016 жылы Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Медициналық-әлеуметтік оңалту орталығы» МКК-да наркологиялық  науқастарда арналған 15 төсектік әлеуметтік оңалту бөлімшесі ашылды. Нашақор пациенттерді сауықтырудың негізгі мақсаты –олардың әлеуметтік ортаға толық бейімделіп қоғамға оралуы болып табылады. Осы процесте дәрігер-нарколог, психотерапевт, психолог және әлеуметтік қызметкер - мамандардың командасы жұмыс жасайды.  Команданың міндеті - науқаста тәуелсіз өмір сүру дағдыларын дамыту, жаңа мақсаттар, өмір принциптері мен құндылықтарын қалыптастыру, адамның жеке тұлғасының дамуына көмектеседі. 

Бөлімше қызметкерлері еңбек терапиясы, психотерапия, тиімді қарым-қатынас бойынша түрлі тренингтер, спорттық іс-шаралар және тағы басқаны қамтитын  оңалту бағдарламасында  науқастардың толық қатысуын қамтамасыз етеді.
Біздің пациенттерге арналған әлеуметтік бағдарлама  құжаттарды ресімдеу, жұмыспен қамту және кәсіптік оқытуға  көмектесу, сондай- ақ шыққаннан кейін  амбулаториялық жағдайда  әлеуметтік қолдау болып табылады.

«Нұр Отан» партиясының сайлау алдындағы бағдарламасы өтті

on .

2016 жылғы 1 наурызда «Нұр Отан» партиясының сенімді өкілдері А.Цепке, Н.Д.Ракымбаева, Ж.К.Сагындыков Медициналық-әлеуметтік оңалту орталығының еңбек ұжымымен партияның сайлау алдындағы бағдарламасын талқылады. «Нұр Отан» партиясының тұтқалы бағдарларымен таныстырып, қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді.

Соңында бас дәрігер О.Комарова салтанатты түрде «НүрОтан» партиясына жаңадан кірген мүшелеріне партия билетін тапсырды.

Астана әкімі Медициналық-әлеуметтік оңалту орталығының жаңа ғимаратында болды

on .

11.02.16г Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков Медициналық-әлеуметтік оңалту орталығының жаңа ғимаратында болып, медициналық мекеменің қызметкерлерімен кездесті. 

Жаңа орталық ашылғалы материалдық-техникалы базасы едәуір жақсарып, жаңа құрылымдық бөлімшелер ашылды – психотерапия бөлімшесі, әлеуметтік оңалту бөлімшесі. 250 кереует-орынға есептелген жаңа Медициналық-әлеуметтік оңалту орталығын пайдалануға беру қазіргі заманғы ғылым деңгейінде наркологиялық көмек көрсетудің жаңа стандарттарын іске асыру жолындағы маңызды кезең болып табылады. Орталықта елімізде тұңғыш рет білікті көмек көрсетудің барлық кезеңдері енгізілген. 

Қала басшысы Орталықтың бірнеше бөлімшесін аралағаннан кейін ұжыммен әңгімелесіп, оларға жұмыстары үшін алғысын білдіріп, денсаулық сақтау қызметкерлеріне жүктелген жауапкершілікті атап өтті.

«Оңалту әлеуеті төмен есірткіге тәуелді науқастарды оңалту ерекшеліктері»

on .

2015 жылдың 15-ші жұлдызында  «Оңалту әлеуеті төмен есірткіге тәуелді науқастарды оңалту ерекшеліктері» тақырыбында жалпы дәрігерлік конференция өткізілді. Баяндаманы дәрігер-нарколог – Бөлекбаева Қ.О. жасады

 

Орталық қызметкерлеріне арналған "Мен кіммін? Мен қандаймын" атты тренинг өтті

on .

2015 жылғы 13 тамызда Орталық  қызметкерлерінің эмоционалды күйіп кету синдромы профилактикасы мақсатында  дәрігер-психотерапевт саламатты өмір салтын қалыптастыру, тұлғаның өзекті проблемаларын түсіну, ішкі ресурстарды жандандыруға бағытталған  "Мен кіммін?, мен қандаймын?" тақырыбында тренинг  өткізді.