2019 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша жиналыс өтті

on .

Бүгін, 2020 жылғы 14 қаңтарда денсаулық сақтауды дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы мен салалық жол карталарын орындау бойынша медициналық ұйымдар басшыларының есептерін тыңдау шеңберінде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.Д. Кисикова Нұр-Сұлтан қалалық Наркология және психотерапия орталығының ұжымымен кездесті. Кездесу барысында,  Наркология және психотерапия орталығының бас дәрігері О.Н. Комарова 2019 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша есеп берді. Наркологиялық патология бойынша тәулік бойы ургентті жүзеге асыратын бір ғана мамандандырылған стационар болғандықтан  Нұр-Сұлтан қаласындағы барлық медициналық ұйымдармен тығыз өзара жұмыс жасайды.

 

Шұғыл түрде емделуге орналастырылған меншікті салмағы 33,9 %, ал жоспарлы түрде – 66,1% құрайды.

 

Қалалық тұрғындарды наркологиялық төсек орындармен қамтамасыз ету көрсеткіші– 2 (2018 ж. – 2,2). Стационарлық емдеуге орналастырудан бас тарту жағдайы болмаған.

 

2546 ден 2828-ге дейін тәулік бойы стационардағы емделген  науқастар саны 11,4%  көбейді. 

 

Жиынның қорытындысы бойынша дәрігер нарколог-психиатрларды уақытылы оқытылу жөнінде және АМСК жұмысын өзара іс-қимыл бойынша мақсатты жұмыстар бойынша неғұрлым тиімді көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша тапсырмалар берілді.

МӘМС бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті

on .

Бүгін Наркология және психотерапия орталығының қызметкерлері «Қазпочта» АҚ №20 почта байланысы бөлімшесінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесуге қатысушыларға МӘМС пакетінің тізбесі және ТМККК жаңа үлгісі ұсынылды, кездесудің барлық қатысушылары өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар алды.

МӘМС бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті

on .

2019 жылғы 8 қазанда Наркология және психотерапия орталығының қызметкерлері "Industrial Innovation Group" ЖШС ұжымында міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесуге қатысушыларға МӘМС пакетінің тізбесі және ТМККК жаңа үлгісі ұсынылды. Барлық қатысушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауаптар алды.