ПБЗ зияны туралы пайдалы ақпарат

Кальян 

Таяу Шығыста бірнеше жүздеген жылдар бұрын пайда болған кальян шегу біздің қоғамда да сәнге айналуда. Мұны жақтайтындар кальян шегу темекі шегуге қарағанда, жағымды әрі қауіпіз деп санайды.

Шындығында солай ма?

Кальянды шегудің кеңінен тарауын бірнеше себептермен түсіндіруге болады. Адамдарды темекіге қосылған хош иістендірілген жеміс қоспалары орынның ерекше атмосферасы (шығыс үлгісінде рәсімделген), сондай-ақ шегу рәсімі тартады.

Кальянның темекіге қарағанда, денсаулыққа зияны аз деген кеңінен таралған пікірдің өзіндік рөлі бар.

Бірқатар зерттеулерге сүйенсек, бір кальянды шегу оның біршама жұмсақтығы мен хош иістілігіне қарамастан, зияны жағынан екі темекі шеккенмен тең.

Басқа ғалымдардың айтуынша, кальянның түтіні никтоин мен шайырдан шланг және су арқылы өтіп, тазартылғанына қарамастан, оның темекімен салыстырғанда,  денсаулыққа қандай да бір пайдасы бар деп айтуға келмейді.

Орташа, жарты сағат кальян шеккен адам сүзгімен екі күшті темекіде бар никотин мөлшерін алады.  Кальянда шайыр жоқ дегенге тоқталсақ, бұл да өтірік болар еді, себебі шайыр кез келген темекі шикізатында бар, ол суда нашар ериді.

Кальян шегушілер уытты көп мөлшерде қабылдайды, себебі дымқылдандырылған темекі түтіні терең жұтылады, ал шегу процесі бірнеше сағатқа жалғасуы мүмкін. Осылайша, кальян сүйгіштердің ағзасында карбоксигемоглобин, никотин, котонин, күшәла, хром және қорғасын шоғыры жоғары болады.

Нәтижесінде, бұрын кәдімгі темекіге қарағанда,  зияны аз деп саналатын кальянды  шегу шындығында  қауіпті, яғни, бірқатар қауіпті аурулардың туындауына алып келеді.  Кальян шегу өпке обырына, басқа онкологиялық ауруларға, өпке функциясының бұзылуына, жүрек-қан тамырлары, тұқым әлсіздігіне, темекіге тәуелділікке алып келеді.

Халықаралық даму зерттеу орталығынан канадалық ғалымдар  шегушінің денсаулығына кальянның әсерін бағалау бойынша арнайы зерттеу жүргізді.

Мамандардың тұжырымы мынадай: 45 минутта кальян сүйгіштің өпкесіне түскен көміртек тотығы (СО) мөлшері қалыпты темекінің түтінінде бар зиянды зат мөлшерінен 2 есеге асып түседі, ал сол кезеңде шегуші алған никотин дозасы  темекідегі никотин дозасынан орташа 3 есеге асып түседі.

ДСҰ деректеріне сәйкес кальян түтінінде қалыпты темекіде бар көмір қышқыл газы, қарамай, ауыр металдар бар. Неміс Обыр проблемаларын зерделеу орталығының талдау деректерінде де: кальян түтініндегі берилий, хром, кобальт, никель темекі түтінінде бар адам ағзасы үшін зиянды заттардан бірнеше есе асып түсетіні айтылған.

Ең бастысы, кальян сүйгіштер: оны шегу де, темекі шегу сияқты тәуелділікті тудытарынын есте сақтағаны жөн.


СЫРАДАН АЛКОГОЛИЗМ

Өз тауарын жарнамалайтын сыра өндірушілер сыра – алкоголі аз, зиянсыз екенін алға тартады.

Тоғышар үшін сыраның шарап пен араққа қарағанда, қаупі аз.  Дегенмен, оның да салдары көңіл қуантпайды. Сыраның   адам ағзасы үшін зияны көп.

Сыра алкоголизмінің ауыр салдары арасында: ми жасушаларының өлуі, жұлын функциясының бұзылуы, миокардиодистрофия, бауыр циррозы, гепатит, панкреатит, гастрит, невропатия, көру және есту талдағыштарының зақымдануы сияқтылар бар.

Сыраны шамадан тыс ішудің зиянды салдарының ішінде – жүрек ауруы бар. Ағзаға түскен сыра қан тамырларын жылдам толтырады. Бұл тамырдың варикозды кеңеюіне, жүрек шекарасының кеңеюіне алып келеді.

 «Сыра жүрек» синдромы немесе «капрон шөлке» синдромы туындайды. Жүрек қызметі нашарлап, қанды нашар айдайтын болады. Сыра алкоголизмінде жүрек жұмысын бұзатын басқа да факторлар бар, бұл сыра сүйгіштер шамадан тыс  ішетін  сыраның көмір қышқыл газына қанықтығы.

Зерттеулерге сәйкес созылмалы алкоголизм күшті алкогольдік ішімдіктерге қарағанда, сыраны тұтынудан 3-4 есе жылдамрақ дамиды.

Ер адамның ағзасында сыраны көп ішкеннен ерлердің жыныстық гармоны тестостеронды тұқыртатын  зат бөлінеді.

Ер адамның сыртқы түрін өзгертетін әйелдердің жыныстық гармондары өңделе бастайды. Сыраны сүйетін ер адамдарда емшек безі өсіп, жамбасы жалпиып, іші шығады. Сыра ішетін әйелдердің дауысы жуандап, «сыра мұрты» пайда болады.

Заманауи зерттеулерге сәйкес сыра – барынша күшті жасырын есірткі заттарына жол ашатын алғашқы жасырын есірткі.  Наркологтар, алкоголь есірткілердің ішіндегі ең агрессивті болып табылатынын, ал сыра алкоголизмі аса қатаңдықпен сипатталатынын айтады.


 Насыбай

Темекі мен папиростың кіші туысындай насыбай жасөспірімдердің өміріне еш қиындықсыз енді. Оның бағасының арзандығы мен қолжетімділігі мектеп оқушыларына өзінің құрдастарына өзінің «ересектігін» көрсетуге мүмкіндік береді және бұл ретте ата-аналарының алдында беделін бұзбауға көмегі бар.

Нарколог дәрігерлердің айтуынша, насыбай никотинге тәуелділік, асқазан жарасы, ауыз қуысының және асқазан-әшек жолдарының обыры, тістің бұзылуы, жалпы психикалық бұзылысқа алып келіп, бала туушылық қабілетін әлсіретеді (Қырғызстан Ұлттық медициналық проблемалар институтының зерттеуі).

Насыбай біртекті зат емес, бол компоненттер қоспасы. Түрлі «толтырғыштар» салынады. Ол туралы ормада жазылмайды. Насыбайды дайындау үшін бұрын темекі тәріздес өсімдік – «насты» қолданған.

Қазір оның негізгі компоненті қарапайым қара темекі және темекі. Қоспаға сөнген әк, түрлі өсімдіктер күлін, түйе тезегін, құс қиын, кейде май  қосады.

Негізінен насыбайды қанағаттану үшін атады. Жасөспірімдер насыбай атақннан кейін темекі тартқың келмейтінін айтады. Алайда насыбайда да темекіде болатын ағзаға зиянды заттар бар.

Айырмасы темекі өпкеге бірінші соққы жасаса, насыбай ауыз қуысының шырышты қабатына, асқазан-ішек жолдарына, орталық нерв жүйесіне кері әсер етеді. Нәтижесінде, никотинге тәуелділік артады.