Президенттің халыққа жолдауы

on .

Бүгін 2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын ұсынды. Онда қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру бойынша маңызды мәселелер қозғалды. Бұл күні ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев таяу уақытқа ел дамуының жаңа бағамын белгіледі. Қазақстан халқына кезекті жолдаудың атауы -  "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі"  деп аталады.

Біздің жалпы міндетіміз -  азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел және тиімді ден қоятын «Тыңдайтын мемлекет» тұжырымдамасын іс жүзінде жүзеге асыру. Билік пен қоғамның тұрақты диалогы арқылы ғана заманауи геосаясат мәнмәтініне кіріктірілген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады.

Сондықтан азаматтық қоғамды қолдап, оларды шешу мақсатында барынша өзекті жалпы мемлекеттік міндеттерді талқылауға тарту қажет. Осы мақсатта таяу уақытта мынадай шаралар жүзеге асырылатын болады.

Ел Президенті ең бастысы,  партия қалыптастыру процесін жалғастыру қажеттігін атап өтті, себебі «Nur Otan» партиясы елдің жетекші саяси күшінің ауыр да жауапты миссиясын орындап келеді.

 

Сондай-ақ ол  халықпен тиімді кері байланысты атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың қажеттілігіне жедел ден қою мемлекеттік органдар қызметінің басым бағыттары болып табылады.

Мемлекет басшысы медициналық қызмет сапасы елдің әлеуметтік өзін сезінуінің маңызды компоненті болып табылатынын атап өтті, медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету тақырыбына тоқталды.

Сондай-ақ Президент медициналық салаға қатысты өзгерістер жайлы, атап айтқанда Қазақстанда БЦС (балалар церебральдық салы) балаларды оңалтутың толық қолжетімділігін міндетті медициналық сақтандыруды енгізу қажеттігін айтты (2020 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылады).

Бұл ретте тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі сақталады, оны қаржыландыруға келесі үш жыл ішінде 2,8 трлн. теңге бөлінетін болады.

Өз кезегінде, МӘМС іске асыру медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға бағытталған, деп санайды ел Президенті.

Нұр-Сұлтан қаласы Наркология және психотерапия орталығының бас дәрігері О. Комарова