Наркология және психотерапия орталығында ашық есіктер күні бойынша есеп

on .

2019 жылғы 26 маусым Нұр-Сұлтан қаласының Наркология және психотерапия орталығында Халықаралық есірткімен күрес күніне арналған Ашық есіктер күні өтті.

Орталық холында есірткіге қарсы мазмұнда аудио-видеороликтер ротациясы ұйымдастырылды, психикалық белсенді заттарды тұтынудың алдын алу, салауатты өмір салты аспектілері бойынша ақпараттық-білім беру материалдары (инфографика, парақшалар, плакаттар) таратылды.

Акцияға барлығы 300-ге жуық адам қатысты, оның ішінде Ориалықтың дәрігерлері мен психологтары тәуелділік проблемалары бойынша 70 адамға консультация берді.

28 адам ағзасында психикалық белсенді заттардың толуына тегін тестілеуден өтті (анонимдік түрде).

Біз ашық есіктер күні Баршаңыз үшін пайдалы өтті деген сенімдеміз, көптеген адамдар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

 

  • 2
  • 3
  • 4