2019 жылғы 26 маусымда Наркология және психотерапия орталығында ашық есіктер күні

on .

Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Нұр-Сұлтан қаласының Наркология және психотерапия орталығы ағымдағы жылғы 26 маусымында Орталық әкімшілік корпусының 1-қабатында сағат 9.00-ден бастап 15.00-ге дейін Халықаралық нашақорлықпен күрес күніне арналған ашық есіктер күнін өткізеді.

Акция барысында Орталықтың дәрігерлері мен психологтары тәуелділік проблемалары бойынша консультация өткізеді.

Кез келген тілек білдіруші ағзасында психикалық белсенді заттың болуына тестілеуден өте алады.

Бұдан басқа, Орталық холында есірткіге қарсы мазмұнда аудио-видеороликтер ротациясын ұйымдастырады, психикалық белсенді заттарды тұтыну, салауатты өмір салтының аспектілері бойынша ақпараттық-білім беру материалдары ұсынылады.

Барлықтарыңызды біздің жыл сайын өтетін акциядан көргенге қуанышты боламыз.

Қызықтырған сұрақтар бойынша мына телефондар бойынша хабарласуға болады: 33-17-71, 33-14-06, 33-14-32.

Мекенжай: Нұр-Сұлтан қаласы, сол жағалау, Хусейн Бен Талал көшесі, 7.