№3/1 хабарландыру

Баға ұсыныстарын сұрау тәсілімен Дәрілік заттарды

сатып алуды жүзеге асыру туралы № 3/1 хабарландыру 

Ұйымдастырушы: 010000 Есіл ауданы, Хусейн бен Талал 7 көшесінде (ЭКСПО ауданы) орналасқан Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің ШЖҚ «Наркология және психотерапия орталығы» МКК Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы №1729 қаулысы, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына (бұдан әрі - Қағида) сәйкес баға ұсыныстарын сұрау  тәсілімен 2018 жылға арналған міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек және тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін көрсету үшін дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу өткізілетіні туралы хабарлайды.

  1. Тапсырыс берушінің  толық атауы және орналасқан мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Хусейн бен Талал 7 көшесінде  орналасқан Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Наркология және психотерапия орталығы» МКК.
  2. Дәрілік заттарды (атауы, қысқаша сипаттамасы, сатып алу көлемі, жеткізу орны және сатып алу үшін бөлінген сома) сатып алу туралы ақпарат  - осы хабарландырудың ажырамас бөлігі болып табылатын №1 «Сатып алынатын тауардың тізбесінде» көрсетілген.
  3. Мерзімі және жеткізу шарттары: 1-қосымшада көрсетілген.
  4. Конвертке салынған әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары   Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы, Хусейн бен Талал 7 мекенжайы бойынша мемлекеттік сатып алу бөлімінің кабинетінде 2019 жылғы 13 мамырда сағат 15.00-ден бастап 2019 жылғы 23 мамыр сағат 15.00-ге дейін қабылданады.
  5. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттер 2019 жылғы 23 мамырда сағат 17.00 минутта Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы, Хусеун бен Талал 7 мекенжайында мәжіліс-залында ашылады.
  6. Әлеуетті жеткізушілер  баға ұсыныстарын беруді,  соңғы мерзімі өткенге дейін берілген баға ұсыныстарын кері қайтарып алуға құқылы.
  7. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысын беруі сауал және сатып алу үлгі шарты немесе фармацевтикалық қызмет көрсетуге арналған шарттың жағдайларына сәйкес тауарларды жеткізуді, фармацевтикалық қызметтерді жүзеге асыруға оның келісу мәнінің нысаны болып табылады.
  8. Әлеуетті жеткізуші сатып алуға қатысу үшін  1 (бір) баға ұсынысы бар  келесі құжаттарды қамтиды:
  • Хабарландыруға  қосымшаға сәйкес нысан бойынша  әлеуетті өнім беруші қол қойған және мөр басқан (бар болған жағдайда)  баға кестесі. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынымда көрсетілген құнға ҚҚС-сыз сатып алу туралы шарт жобасында көзделген барлық шығыстар енгізіледі;
  • Лицензиялау және рұқсат беру рәсімдері арқылы рұқсат беру органдары жүзеге асыратын іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға  жеке немесе заңды тұлғалардың құқығын растайтын рұқсат;
  • Ұсынылған тауарлардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы №1729 қаулысының 4-тарауында берліген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар.

9. Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар жапсырылған конверттің бет жағында:

  • Әлеуетті жеткізушінің атауы, орналасқан мекенжайы, байланыс телефондары, электрондық мекенжайы;
  • сатып алуды ұйымдастырушының атауы, орналасқан мекенжайы;
  • қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің   баға ұсынысы   берілген тауар,  жұмыс, қызметтерді сатып алудың атауы; 

10.  Хабарландырудың 9-тармағының талаптарын бұзып және/немесе белгіленген мерзімі аяқталғаннан кейін берілген баға ұсынымы бар конверттер баға ұсыныстарымен конверттерді тіркеу журналына тіркелмейді. Әлеуетті жеткізушіге кері қайтарылады.
11.  Баға ұсыныстарын сұрау тәсілімен тауаларды сатып алу қорытындылары туралы хаттама оны  мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының e-mail: cmsr.kz (тел: 8/7172/33-17-78)  интернет-ресурсына бекіткен күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жарияланады.

 

Қосымшаны сақтау...