Шартты өртті жою бойынша өрттік-тактикалық оқу-жаттығу өтті

on .

2019 жылғы 26 ақпанда Астана қаласы ТЖД «Өрт және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Наркология және психотерапия орталығы объектісінде шартты өртті жою бойынша өрттік-тактикалық оқу-жаттығу өткізді.

Мұндай өрттік-тактикалық оқу-жаттығудың мақсаты, бірінші кезекте, өрт туындаған жағдайда персоналдың іс-қимылын пысықтау болып табылады. Тек оқу-жаттығу арқылы ғана қызметкерлер мен пациенттерді оқыс жағдайларда өз-өздерін жоғалтпауға, ондай жағдай туындағанда қалай әрекет етуді нақты білуге үйрете алатыны сөзсіз.

Сондай-ақ оқу-жаттығуда өрт техникасы мен керек-жарақтар көмегімен эвакуациялау тәсілдері мен амалдары пысықталды. Өртке қарсы қызмет мамандарының бағалауы бойынша оқу-жаттығу тиісті деңгейде өтті. Барлығы сауатты және ойдағыдай өтті.

  • 1
  • 2
  • 3
  • 5
  • 6