Жиі қойылатын сұрақтар

Раскрывающиеся блоки "div" на JavaScript. Демонстрация.

1 Сұрақ: Қай жерде орналасқан, Сіздерге қалай жетуге болады?
Жауабы: Біз Астана қаласы, 31 көше, 7 ғимаратта орналастық (ЭКСПО ауданы, №1 Перинаталдық Орталығы мен Балалар жұқпалы ауруханасының арасында) Бізге қалалық қоғамдық көліктері №12,40,51 келуіңізге болады(№1 Перинаталдық орталық аялдамасы).
2 Сұрақ: Жұмыс тәртібі қандай?
Жауабы: Жұмы стәртібі сағ. 08.00-ден 17.00-ге дейін түскі үзіліссіз, сенбі күні – сағ.08.00ден – 13.00.-ге дейін. Жексенбі – демалыс.
3 Сұрақ: Наркологиялық диспансерден анықтама алу қанша тұрады?Анықтама алу үшін қандай құжаттар қажет?
Жауабы: Жүргізуші куәлігіне жедел-диагностика( өтуімен наркологиялық анықтама алу 3740 теңге құрайды.Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз және № 083ф нысаны бойынша медициналық анықтама. Жұмысқа орналасу үшін анықтама құны -990т. Толық анықтаманы тіркеу бөлімінде алуыңызға болады: 8/717-2/33-14-06.
4 Сұрақ: Емдеуге қалай жатқызуға болады?қандай құжаттар қажет?
Жауабы: Өз талабымен, тұлғаның келісімімен ем қабылдауға болады (жеке куәлігі, мекенжайы туралы анықтама) және сондай-ақ, емделуден бас тартқан жағдайда мәжбүрлі түрде емделуге орналастыру. Толық ақпаратты мына номерден алуыңызға болады: 8/717-2/33-17-71.
5 Сұрақ: Орталықтағы науқастар қандай ем қабылдайды?
Жауабы: Біздің орталықта науқастар 3 кезеңдік емдеуден өтеді, 1 кезең - дәрілік түзету (абстиненттік синдромды жою, денсаулықтың физикалық жағдайын жақсарту), 2 кезең – психотерапия және оңалту (психологиялық тәуелділікпен жұмыс жасау), 3 кезең – әлеуметтік оңалту (әлеуметтік мәртебесін қайта қалпына келтіру). Барлық емдеу курсы 21 күннен 3айға дейін есептелген. Әр науқасқа жеке көңіл бөлу.
6 Сұрақ: Дәрігер-наркологтың анықтамасы жарамдылық мерзімі қанша?
Жауабы: Дәрігер-наркологтан анықтаманың мерзімін жұмыс беруші анықтайды. Анықтаманың жарамдылық мерзімі Заңнамамен қарастырылмаған.