Медициналық қызметкерлер күніне арналған мерекелік іс-шара

on .

Медициналық қызметкерлер күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді.

2018 жылғы 15 маусым күні НжПО-да Медициналық қызметкерлер күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Қызметкерлерді Орталықтың бас дәрігер – Ольга Николаевна Комарова құттықтады, сыйақы туралы бұйрықты жариялады, кейін қызметкерлер ҚР Денсаулық сақтау Министрінің құрмет грамоталарымен, Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының құрмет грамоталарымен, Астана қаласы Әкімдігінің алғыс хаттарымен, Есіл ауданы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Спартакиада қатысушаларына естелік сыйлықтар және мекеменің Кәсіби одағынан ақшалай сыйақы тапсырылды.

Мерекелік іс-шара бөлімшелер арасында «Мистер және мисс наркология» атауымен конкурс түрінде өткізілді. Берілген құрмет атағын диспансер бөлімшесінің қызметкерлері жеңіп алды.

  • IMG_2675
  • IMG_2676