Check-UP «НАРКО» бағдарламасы

Құпиялық түрінде!

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Наркология және психотерапия орталығы» МКК-да амбулаториялық жағдайда экспресс-диагностика (Check- UP) жүргізу алгоритмі

Check-UP «НАРКО» бағдарламасы 

Ұзақтығы

Өткізетін зерттеу

Толығырақ

1

15 мин

Тексеру бағдарламасын таңдай отырып жоғары біліктілік санатты дәрігер-наркологтың тексеріп-қарауы

Шағымын анықтау, сыртартпаны зерттеу, тексеру бағдарламасын келісе отырып тексеріп-қарауды жүргізу

2

20 мин

Зертханалық-аспаптық зерттеулер жүргізу

Қанның жалпы талдауы, қанның биохимиялық талдауы, несептің жалпы талдауы, электрокардиограмма, гепатобиллиардтық жүйесіне УДЗ

3

10 мин

Несепті иммунохроматографиялық зерттеу

 

Ағзада есірткілік заттардың болуына экспресс диагностика жасау

4

10 мин

Есірткілік заттарды қан сарысуында иммуноферменттік зерттеу

Есірткіні соңғы рет тұтыну мерзімі 4 ай бұрын болған жағдайда зерттеу ақпарат береді

5

50 мин

Психологиялық диагностика жүргізумен психологтың кеңес беруі

Нәтижесін өңдеумен, қорытынды жасап және ұсыным бере отырып тәжірибелік-психологиялық тексеру

6

45 мин

Бастапқы психотерапевттің кеңес беруі

Ұсыным бере отырып өзекті психологиялық проблемаларын анықтау

7

10 мин

Терапевттің кеңес беруі

Пациенттің соматикалық  жағдайын бағалау, ұсыным беру

8

10 мин

Неврологтың  кеңес беруі

Пациенттің неврологиялық жағдайын бағалау, ұсыным беру

9

10 мин

Бағдарламалық тексеру қорытындысы бойынша дәрігер-наркологтың ұсынымымен тұжырымы

Жасырын түрде емдейтін бөлімшесіне жолдау немесе амбулаториялық жағдайда емдеу

  • Әр бағдарлама дәрігер-нарколог кеңесімен  қорытынды  берумен аяқталады.
  • Check- UP бағдарламасын орындау мерзімі 2,5-3,5 сағат.