Құрметті қала тұрғындары!

Қымбатты келуші, медициналық әлеуметтік сауықтыру орталығы сайтына қош келдіңіз!

Есте сақтаңыз!

Денсаулық-басты байлық!

Өте маңызды!

Егер Сіздің жақын адамыңыз ішімдікті шамадан тыс тұтынатын болса, уақыт оздырмай мамандарға жүгініңіз!

1.png2.png3.png4.png5.png6.png7.png8.png

Жиі қойылатын сұрақтар

Раскрывающиеся блоки "div" на JavaScript. Демонстрация.

1 Сұрақ: Сіздердің Орталық қай мекенжай бойынша орналасқан, қалай жетуге болады?
Жауап: Біздің мекенжайымыз: Астана қаласы, Есіл ауданы, 31-ші көше, №7 ғимарат (ЭКСПО ауданы, №1 перинаталдық орталық және Балалар жұқпалы ауруханасы аралығында). Біздің Орталыққа №12, 40, 51 қалалық бағдарлар арқылы жетуге болады ("№1 перинаталдық орталық" аялдамасы)
2 Сұрақ: Орталықтың жұмыс кестесі қалай?
Жауап: Біз дүйсенбі – жұма аралығында, үзіліссіз сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін., сенбі күні сағат 08.00-13.00 дейін жұмыс істейміз. Жексенбі күні демалыс.
3 Сұрақ: Наркологиялық диспансерден анықтама беру қанша тұрады? Анықтама алу үшін қандай құжаттар қажет?
Жауап: Экспресс-диагностика (психикалық белсенді заттардың болуына зерттеу) жасай отырып жүргізуші куәлігіне Наркологиялық диспансерден анықтама беру құны 2515 теңге. Өзімен бірге жеке куәлігі, №083 нысаны бойынша медициналық анықтама болуы керек. Жұмысқа орналасуға, жұмысқа рұқсат анықтамасының құны 560 теңге. Толық ақпаратты тіркеу бөлімінен мына телефон арқылы алуыңызға болады: 8 (7172) 33-14-06
4 Сұрақ: Сіздердің мекемеңізге емдеуге қалай жатқызуға болады, ол үшін қандай құжаттар қажет?
Жауап: Адам өз еркімен келісу(жек куәлігі, мекенжай анықтамасы) және емдеуден бас тартқан жағдайда мәжбүрлеп емдеу де бар. мәжбүрлеп емдеу бойынша толық ақпаратты 8 (7172) 547740 телефоны арқылы білуге болады.
5 Сұрақ: Орталық пациенттері қандай ем қабылдайды?
Жауап: Біздің Орталықта пациенттер 3 кезеңдік ем қабылдайды, 1 кезең- дәрі-дәрмектік түзету (абстинентті синдромды тоқтату, денсаулық күйін жақсарту), 2 кезең- психотерапия және оңалту (психологиялық тәуелділікпен жұмыс жасау), 3 кезең әлеуметтік оңалту (әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру). Толық курс 21 күннен 3 айға дейін есептелген. Әрбір пациентпен жеке тәсілдеме қолданылады.