1.png2.png3.png4.png5.png6.png7.png8.png

№5-ші бөлімше 15 төсекке арналған (ерлерге, әйелдерге арналған)

 Әлеуметтік оңалту бөлімшесінің меңгерушісі - Карибаева Альмира Кабиденовна

Дәрігер-психотерапевт нарколог. Жалпы  медициналық өтілі 23 жыл. Наркология қызметіндегі жұмыс өтілі 15 жыл.

Қарағанды мемлекеттік медицина институтын   1992 жылы бітірген.


 

№ 5  бөлімше (Әлеуметтік оңалту) – химиялық және химиялық емес тәуелді пациенттерге медициналық-әлеуметтік оңалтудың 3 кезеңін жүргізуге арналған. 

  • Адамның барлық бұзылған салаларын: физиология, психология, әлеуметтік және рухани өмірін қалпына келтіруді қамтитын тәуелділік проблемасын шешуге арналған кешенді кәсіби тәсілдеме, наркологиялық клиниканың терапиялық жұмысынңы жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді.
  • Дәрі-дәрмектік түзету (1 кезең) және  психологиялық қолдау (2 кезең) курстарын өткеннен кейін, біздің  пациенттер келесі кезеңде - Әлеуметтік оңалту бөлімшесінде емдеуді жалғастыру мүмкіндігі бар. Біздің пациенттерді емдеудің түпкі мақсаты  – әлеуметтік ортаға толқы бейімделген адамның қоғамға қайтуы. Осы үрдісті мамандар бригадасы – дәрігер-нарколог, психотерапевт, психолог және әлеуметтік қызметкер жүзеге асырады. Команданың міндеті – пациенттерде өз бетінше өмір сүру дағдыларын дамыту, өмірдің жаңа құндылықтарын, қағидалары мен мақсаттарын қалыптастыру, адамның жеке  тұлғасының қалыптасуы мен дамуына көмек беру. Бөлімше қызметкерлері әлеуметтік оңалту бағдарламасына кіретін еңбек терапиясы, психотерапия, тиімді коммуникация бойынша әртүрлі тренингтер, спорттық шаралар және т.б. көптеген шаралар бойынша пациенттердің толық қамтылуын жүзеге асырады.   

  

                         Тренигтер мен психотерапия жүргізуге арналған кабинет                                                               Демалыс орны 


Біз спортқа үлкен назар аударамыз. Біздің пациенттер спорттық жарыстарған үнемі қатысады. 

 


Біздің пациенттер оқыту бағдарламарына, атап айтқанда - тілдерді үйрену (қазақ, ағылшын) және компьютерлік сауаттылыққа қатысады. 

              Компьютерлік сауаттылыққа үйрету


Емдік үрдіске еңбек терапия үрдісі енгізілген. Емделушілер орталық аумағында, көкөніс, қияр, шалғам отырғызылған учаскеде рахаттанып жұмыс жасайды. Сонымен бірге ой-өріс пен ұсақ мотоиканы дамыту үшін зергерлік шеберлік, тоқу, сурет салу, гитара тартуды үйрету сабақтары жүргізіледі. (фото еңбек, бақша,  гитара, зергерхана, тоқыма тоқу)

  

                                               Еңбек терапиясы - "28 петель" клубын шақырумен сыммен тоқу

 


 

                                            Бьюти терапия                                                                                          Бьюти терапия 


Мамандар командасымен бірге ерікті-консультанттар бірге жұмыс істейді, олар оңалту курсын толық өткендер. Қиын уақытта қолдау көрсету, дұрыс кеңес беру немесе тыңдау, және өз үлгісімен сауығуға үміт сыйлап, айығу жолы бар екендігін көрсете алады.. 


Біздің пациенттер үшін әлеуметтік бағдарлама құжаттарды ресімдеу, жұмысқа тұрғызу, кәсіби оқыту, сондай ақ емдеуден шыққан кейін әлеуметтік сүйемелдеу болып табылады.