Құрметті қала тұрғындары!

Қымбатты келуші, медициналық әлеуметтік сауықтыру орталығы сайтына қош келдіңіз!

Есте сақтаңыз!

Денсаулық-басты байлық!

Өте маңызды!

Егер Сіздің жақын адамыңыз ішімдікті шамадан тыс тұтынатын болса, уақыт оздырмай мамандарға жүгініңіз!

1.png2.png3.png4.png5.png6.png7.png8.png

№4-ші бөлімше 40 төсекке арналған (ерлерге, әйелдерге арналған)

Психотерапия және оңалту бөлімшесінің меңгерушісі - Мустафинов Болатказы Ахметкалиевич

жоғары біліктілік санатты дәрігер – нарколог

Семей мемлекеттік медицина институтын 1992 жылы аяқтады., жалпы медициналық жұмыс өтілі 15 жыл.

 № 4  бөлімше 40 төсекке арналған (ерлер, әйелдер) - МӘО 2 кезеңін жүзеге асыруға бағытталған,   психотерапия және оңалтудыжүзеге асыру. 

Психотерапия және оңалту бөлімшесі келесі міндеттерді жүзеге асырады:

  • аддиктивті мінез-құлықты тұлғаларды оңалту бағдарламасына сәйкес әрқилы тәуелділіктерге шалдыққан науқастарға стационарлық психотерапиялық көмек көрсету,
  •  психодиагностика және психикалық түзетуді жүзеге асыру,
  • пациенттерге әлеуметтік көмек көрсету,
  • пациенттерге психотерапиялық орта құру  (арнайы ұйымдастырылған микроәлеуметтік топ -психотерапиялық қауымдастық),
  • ортақ тәуелділермен жұмыс жүргізу  (жақын туыстарымен, микроәлеуметтік орта адамдарымен),
  • стресс жағдайларын, дезааптация күйлерін жеңу бойынша психогигиеналық және  психопрофилактикалық іс-шараларды жүргізу.

Аддикциясы бар науқастарды емдеуге арналған оңалту мен психикалық түзету бағдарламасы бағытталған:

  • дәрі-дәрмекпен түзету кезеңінен ойдағыдай өткен алкогольге және (немесе) басқа да ПБЗ-ға тәуелді науқастарда алкогольге және (немесе) басқа да ПБЗ-ға тәуелділіктен алкоголь және (немесе) есірткіге қарсы тұрақтылықты қалыптастыру;
  • алкогольге және (немесе) басқа да ПБЗ-ға тәуелді науқастарда белгілі-бір өмірлік ұстанымдарды қалыптастыру арқылы медициналық-әлеуметтік тұрғыдан қолдау және дау-дамай мен қатты күйзеліс кедергілерін жеңіп шығу, төзу әдістеріне үйрету;
  • салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру, алкоголь және (немесе) басқа да ПБЗ-ды қолданудан бас тарту, күнделікті тұрмыс барысында өз-өзіне қызмет жасау, коммуникация, өзара қарым-қатынас, еңбекке араласу және бос уақытты ұтымды пайдалану сияқты жағдайларға жаттығу;
  • медициналық-әлеуметтік оңалтудан өткен алкогольге және (немесе) басқа да ПБЗ-ға тәуелділіктің қайталануын болдырмау мақсатында және күйзелісті жағдайда уақтылы кірісіп, сондай-ақ оларды медициналық-әлеуметтік оңалту бөлімшесінде (психотерапия және оңалту бөлімшесі, әлеуметтік оңалту бөлімшесі) ұйымдастырылатын оңалту бағдарламаларына тарту арқылы профилактикалық шараларды өткізу;
  • емделушілерді, мамандарды, қоғамдық ұйымдарды және тұрғындарды оңалту бағдарламаларына қатысуға тарту мақсатында, сондай-ақ тәуелді болу дертіне қатысты тұрғындарға ағартушылық шараларын жүзеге асыру мақсатында медициналық-әлеуметтік оңалту жұмыстары жөнінде жұртшылықты ақпараттандыру;      

Оңалту кезеңінің мақсаты  келесі әдістер көмегімен биологиялық және әлеуметтік бейімделу дағдыларын қалпына келтіру:

  • Дәрі-дәрмектік терапия,
  • Жеке және топтық психотерапия,
  • Психологиялық кеңес беру және диагностика,
  • Әлеуметтік-психологиялық тренингтер,
  • Орта терапиясы,
  • Пациенттердің терапиялық қауымдастығын (ТҚ) құру және қызмет жасау,ТҚ күн сайын жиналыстарын жүргізу бойынша жұмыс,
  • Релаксация,
  • Еңбек терапиясы,
  • Жұмыспен терапия жүргізу,
  • Әлеуметтік оқыту,
  • Спорттық-сауықтыру шаралары,
  • Мәдени-бос уақыт шаралары,
  • Ортақ тәуелділермен кездесу топтары,
  • Түрлі діни конфессия өкілдері көмегімен жүзеге асырылатын рухани тәжірибелер.

 


 Когай Ольга Семёновна - врач-психотерапевт высшей категории  

    

 Сугаипова Алина Шерфудиновна - психолог 


 

  

                                     Психосенсорная комната                                                                                                           Психосенсорная комната

  

                                     Тренажерный зал                                                                                        Тренажерный зал

  

                                         Кабинет арт терапии                                                                                Кабинет арт терапии

 

                            Кабинет групповой психотерапии                                                                                                       Зона отдыха