1.png2.png3.png4.png5.png6.png7.png8.png

Астана әкімі Медициналық-әлеуметтік оңалту орталығының жаңа ғимаратында болды

on .

11.02.16г Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков Медициналық-әлеуметтік оңалту орталығының жаңа ғимаратында болып, медициналық мекеменің қызметкерлерімен кездесті. 

Жаңа орталық ашылғалы материалдық-техникалы базасы едәуір жақсарып, жаңа құрылымдық бөлімшелер ашылды – психотерапия бөлімшесі, әлеуметтік оңалту бөлімшесі. 250 кереует-орынға есептелген жаңа Медициналық-әлеуметтік оңалту орталығын пайдалануға беру қазіргі заманғы ғылым деңгейінде наркологиялық көмек көрсетудің жаңа стандарттарын іске асыру жолындағы маңызды кезең болып табылады. Орталықта елімізде тұңғыш рет білікті көмек көрсетудің барлық кезеңдері енгізілген. 

Қала басшысы Орталықтың бірнеше бөлімшесін аралағаннан кейін ұжыммен әңгімелесіп, оларға жұмыстары үшін алғысын білдіріп, денсаулық сақтау қызметкерлеріне жүктелген жауапкершілікті атап өтті.

Ә. Жақсыбековтың айтуынша, бүгінде Астанада әлемдік деңгейдегі заманауи медициналық кластер құрылып, қызмет етуде, оған емделу үшін барша Қазақстаннан ғана емес, сондай-ақ, шетелдерден де келеді. 

«Елордада инновациялық және жоғары технологиялық медицинаны жетілдіру және енгізу бойынша жұмыстар үздіксіз жүргізіледі. Осының барлығы Мемлекет басшысының қолдауының арқасында мүмкін болды», - деді қала басшысы 

  • 7769e6e29c74aa128a4bfc0930c
  • e46a1e103bad066b02b7defe483