1.png2.png3.png4.png5.png6.png7.png8.png

№3-ші бөлімше 60 төсекке арналған (ерлерге арналған)

 

Бөлімше меңгерушісі  - Шабалова Елена Николаевна

жоғары санатты дәрігер-нарколог

Сібір мемлекеттік медицина  университетін  2004 жылы бітірді, жалпы медициналық жұмыс өтілі 10 жылдан астам, бөлімше меңгерушісі лауазымындағы жұмыс өтілі– 8 жыл. 


№ 3  бөлімше ерлерге арналған - алкогольді және (немесе) ПБЗ-ды тұтыну нәтижесінде психикалық және мінез-құлықтық ауытқулардан зардап шеккен науқастарға ерікті негізде стационарлық мамандандырылған медициналық көмек көрсететін Орталықтың құрылымдық бөлімшесі.

Дәрігер-   ординаторлар:


 

      

 

Екінші біліктілік санатты дәрігер – нарколог - Орехов Игорь Витальевич.

Ақмола мемлекеттік медицина академиясын 1999 жылы бітірген.

Жалпы медициналық жұмыс өтілі – 13 жыл

Дәрігер  – нарколог жұмыс өтілі  – 5 жыл.

 

Дәрігер-нарколог Сыщенко Иван Александрович.

Астана Медицина Университетін 2011 жылы бітірген.

Мамандық бойына жұмыс өтілі – 4 жыл.


Бөлімше  60 төсекке есептелген.  Бөлімшеде медициналық-әлеуметтік оңалту бағдарламасының 1 кезеңі жүзеге асырылады, негізгі қағидаты детоксикация, жалпы нығайту және психикалық белсенді затты алып қоюмен бірге ынталандыру терапиясы болып табылады. Емдеудің негізгі шарты пациенттің өз еркімен келісім беруі. Пациенттің бөлімшеде болуының орташа ұзақтығы 20 күн, одан кейін медициналық-әлеуметтік оңалту бағдарламасының 2 кезеңіне психотерапия және оңалту бөлімшесіне ауыстырылады.

Емдеудің негізгі тәсілін таңдау үшін тәуелділік нысаны, сырқаттың ауырлығы, психикалық сфера күйі, мінез-құлықтық ауытқулар, тәуелділіктен айығудан ұмтылудың бар болуы немесе болмауы ескеріледі. Тәуелділіктің әрқилы түрлерін емдеу үшін детоксикациға қолданылатын және талғамалы психотроптық әсері бар фармакологиялық дәрі-дәрмектердің ауқымды арсеналы, сондай-ақ  ПБЗ-ға тәуелділерді фармакологиялық оңалту қолданылады. 

 
 
                                          демалыс орны                                                                                                                   демалыс орны