1.png2.png3.png4.png5.png6.png7.png8.png

№1-ші бөлімше 55 төсекке арналған (ерлерге, әйелдерге арналған)

Бөлімше меңгерушісі - Дюсенов Серик Нуржанович

екінші біліктілік санатты дәрігер-нарколог

Семей мемлекеттік  медицина университетін   2009 жылы аяқтаған, жұмыс өтілі 5 жылдан астам.   

 № 1 бөлімше  55 төсекке арналған (әйелдер, ерлер) - Жіті және жітілеу абстинентті жағдайларды дәрі-дәрмек арқылы түзету МӘО-дың 1 кезеңін жүзеге асыруға бағытталған, оның ішінде алкогольге және (немесе) ПАЗ-ға тәуелді науқастарды мәжбүрлі түрде  емдеуге арналған 10 төсек )әйелдерге). 

Бөлімшеде медициналық-әлеуметтік оңалту бағдарламасының 1 кезеңі жүзеге асырылады, оның негізгі қағидаты физикалық және психикалық тәуелділікті, диссомниялық, астениялық көріністерді нивелирлеу (жою), ұзақ терапиялық ынтымақтастыққа уәждеме. 

Бөлімшедегі емдеудің орташа ұзақтығы - 20 күн. Емдеудің негізгі шарты пациенттің госпитализацияға ерікті келісім беруі.  

Емдеудің маңызды қағидаты оның кезеңділігі: 

1 -  детоксикация, жалпы нығайту және психикалық белсенді затты алып қоюмен бірге ынталандыру терапиясын қамтитын алдын-ала кезең; 

2 - белсенді, есірткіге қарсы, алкогольге қарсы емдеуге бағытталған негізгі кезең; 

3 - қолдаушы терапия. 

Дәрі-дәрмектік терапиямен қатар психологиялық кеңес беру, әлеуметтік көмек көрсету, психотерапияның рационалдық, интеграциялық-даму және басқа түрлерін қолдаа отырып психотерапевттің консультациясын алу. 

Емдеу тиімділігінің критерийлері: 

  • физикалық және психикалық тәуелділік көріністерін тоқтату;
  • алкогольге патологиялық құштарлықты кеміту (редукция);
  • соматикалық асқынуларды кеміту (редукция);
  • алкогольден бас тарту және медициналық-әлеуметтік оңалтуды әрі қарай жалғастыру  уәждемесін қалыптастыру.  

 

                                              демалыс орны                                                                                                                   демалыс орны