1.png2.png3.png4.png5.png6.png7.png8.png

"Жастар арасында алкогольмен, есiрткiмен, уытқұмарлықпен мас күйiн диагностикалау ерекшеліктері. Өзара әрекеттестік сұрақтары" тақырыбында оқыту семинары өткізілді

on .

2015 жылғы 14-15 мамырда Астана қаласы ІІД мен Медициналық әлеуметтік сауықтыру орталығының бірлескен жоспары шеңберінде Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ  "Медициналық әлеуметтік сауықтыру орталығы" МКК аумағында Астана қаласының ІІД ювеналды полиция инспекторлары үшін "Жастар арасында алкогольмен, есiрткiмен, уытқұмарлықпен мас күйiн  диагностикалау ерекшеліктері. Өзара әрекеттестік сұрақтары" тақырыбында оқыту семинары өткізілді. 

 

Семинар мақсаты: 

  • Жасөспірімдер арасында бірлескен профилактикалық шараларды жүргізген кезде ювеналды полиция инспекторлары мен МӘСО профилактика кабинетінің өзара әрекеттістігін жақсарту.
  • Кәмелеттік жасқа толмағандар арасынан  ПБЗ әрқилы түрлерін шамадан тыс тұтынатындарды  ерте анықтау.
  • Тиімді алғашқы профилактика. 

Семинарды ұйымдастырушы – ШЖҚ   "Медициналық әлеуметтік сауықтыру орталығы" МКК  

Шақырылғандар: 

1. СӨСҚО дәрігер-координатор  -  Решетникова С.М. 

2.Астана қ. ІІД ЕКБ бөлім бастығы полиция подполковнигі -  Ильиных С.С. 

3. "АМУ" АҚ наркология және психиатрия кафедрасы ассистенті -  дәрігер - нарколог Койшибеков Т.Т. 

Жалпы білім беру мекемелерінде жасөспірімдермен өтізілген уақытылы, тиімді алғашқы профилактика оқу мекемелерінде психобелсенді заттектердің таралуына жол бермейтін маңызды аспект болып табылатындығы  семинарда айтылды, сондай ақ балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік эпидемияға төзімділікті дамыту шарты ретінде  психологиялық денсаулығының жақсаруы  болады. Жасөспірімдермен жұмыс ерекшелігі ПБЗ тұтыну факті айқындалған жайда бала құқығын сақтау болып табылады. 

Бүгінгі таңда кәмелетке толмағандардың нашақорлыққа төзімділігін дамыту тиімді профилактикалық бағдарламаның өзекті аспектісі. Нашақорлық, алкоголизм мен темекі шегудің проблемаларының алғашқы профилактикасына тікелей балалармен жұмыс жасайтын- мектеп инспекторларды, әлеуметтік педагогтар, мұғалімдер мен психологтарды тарту қажет екендігі айқын.   

Қалалық жасөспірім тұрғындары арасында профилактикалық іс-шараларды жүргізу барысында, кәмелетке толмағандар мен балалардың, әсіресе оларды алкогольдік, нашақорлық және уыттық мастану күйін анықтаған кезде, құқықтарын сақтау жөнінде сұрақтар туындайды. Балалардың құқықтарын бұзу ата-анасы мен заңды өкілдерімен жанжал оқиғасы туындауына негіз болып, осының салдарында шағымдар мен жүгінуге әкеледі. Осы семинар барысында осындай оқиғалардың алдын алу бойынша диагностиканың ең проблемалы сұрақтары қарастырылды. Профилактикалық іс-шаралар медициналық, білім беру және әлеуметтік шараларды бірыңғай кешенге біріктіруден құрылады. 

Білім беру мекемелерінде психобелсенді заттектерді тұтынудың алдын-алу бойынша ведомствоаралық әрекеттесу және күштерді үйлестіру мақсатында осындай семинарлар тұрақты негізде өткізілетін болады.