Құрметті қала тұрғындары!

Қымбатты келуші, медициналық әлеуметтік сауықтыру орталығы сайтына қош келдіңіз!

Есте сақтаңыз!

Денсаулық-басты байлық!

Өте маңызды!

Егер Сіздің жақын адамыңыз ішімдікті шамадан тыс тұтынатын болса, уақыт оздырмай мамандарға жүгініңіз!

1.png2.png3.png4.png5.png6.png7.png8.png

Халықпен жұмыс

Медициналық қызмет көрсету кезінде емделушілер құқығының  бұзылуы және медициналық  қызмет көрсетудің сапасы жөніндегі сұрақтар бойынша емделушілер мен олардың сенім  берілген тұлғаларының хабарласу тәртібі


Медициналық қызмет көрсету кезінде емделушілердің құқығы бұзылса:

  • стационарлық емделу кезінде – науқастардың талабына қарай берілетін, бекеттің кезекші қызметкеріндегі «Өтініштер мен шағымдарды тіркеу»  журналында шағымдарын жазып қалдырғаны жөн;
  • емделіп шыққаннан кейін, амбулаториялық қадағалау кезінде Медициналық-әлеуметтік сауықтыру орталығының бас дәрігерінің қабылдау бөлмесіне хатшыға жолыққаны жөн;
  • «жедел байланыс»  телефондары бар:

Бас дәрігер –  Комарова О.Н., 54-77-68.

Бас дәрігердің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары –Бектаева Г.Т., 54-77-28.

Үйлестіруші - дәрігері Шевелева А.В., 54-75-22.

Жоғарыда көрсетілген байланыс телефондары арқылы құпия түрде хабар алуға болады. Сонымен қатар, әрбір бөлімшеде құпия түрде хат-хабар беру қорапшасы қарастырылған.  Шағымдарды қарастыру мен жауабын алу 3 тәулік мерзімінде жүзеге асырылады.

Медициналық-әлеуметтік сауықтыру орталығында сапасыз медициналық көмек көрсету жөніндегі сұрағы бойынша жеке тұлғалардың ауызша және жазбаша жүгінулерін қарастыратын Ішкі аудит жөніндегі комиссия жұмыс істеіді. Осы орталық қызметкерлері тарапынан  сапасыз медициналық көмек көрсетілген жағдайда, Сіздер ұйымдастырушылық-әдістемелік кеңес беру кабинетіндегі үйлестіруші – дәрігері Шевелева А.В.  (2 қабат, сағ. 8-ден 15.00-ге дейін, тел.: 54-75-22) немесе Емдеу жұмысы жөніндегі бас дәрігердің орынбасары  Г.Т.Бектаеваға (2қабат, сағ.8-ден 17.00-ге дейін, тел.: 54-77-28)  жолығуларыңызға болады.

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтік қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша Департаменті» ММ өзінің орналасқан мекенжайы туралы хабарлайды: Астана қаласы, Иманова, 19, «Алма-Ата» Бизнес-орталығы,  тел.: 78-75-29  -  Астана қаласының медициналық ұйымдары сапасыз медициналық көмек көрсеткен жағдайда жеке және заңды тұлғалардың ауызша арыздары үшін.