Құрметті қала тұрғындары!

Қымбатты келуші, медициналық әлеуметтік сауықтыру орталығы сайтына қош келдіңіз!

Есте сақтаңыз!

Денсаулық-басты байлық!

Өте маңызды!

Егер Сіздің жақын адамыңыз ішімдікті шамадан тыс тұтынатын болса, уақыт оздырмай мамандарға жүгініңіз!

1.png2.png3.png4.png5.png6.png7.png8.png

Астана қ. әкімдігінің ШЖҚ "Наркология және психотерапия орталығы" МКК

Қымбатты келуші!

Наркология және психотерапия орталығының сайтына қош келдіңіз!  

Заманауи әлем жағдайында жаңа-жаңа  аурулар – тәуелділіктер пайда болуда. Ауру-тәуелділіктің ерекшелігі оның дендеп енуінде, одан арылу үшін белгілі бір уақыт қажет. Көбінесе тәуелділікпен зардап шегетін адам мамандандырылған көмекке мұқтаж. Өкінішке орай, көбінесе пациенттер наркологиялық көмекке жағдайы тым ауырлап кеткеннен кейін жүгініп жатады. Сондықтан наркологтар көмекке уақтылы жүгінуді ұсынады: неғұрлым адам ертерек емделсе, соғұрлым нәтижесі де жақсы болады. Өтініштің жасырын болатынына кепілдік береміз, осыны білу маңызды. 

Орталықтың қызметі психикалық белсенді заттарға тәуелділікпен зардап шегетін пациенттерді сауықтыруға бағытталған. Наркомания, алкоголизм, құмар ойындарына тәуелділік проблемасы бір ғана адамның емес, сонымен бірге бүкіл отбасының проблемасы. Себебі тәуелділікпен зардап шегетін адамдар өзін ғана емес, айналысындағы туыстары, жақындарын да бақытсыз етеді. Сондықтан біздің Орталықта тәуелді адамды сауықтыру үрдісінде науқастың  отбасы-жақындарымен психотерапевтік жұмыс жүргізіліп, оларға да баса назар аударылады. 

Астана қаласы Наркология және психотерапия орталығы Қазақстан Республикасындағы наркологиялық бейіндегі үздік ұйымдар рейтингінде тұр. Орталықта алкогольге, есірткіге, құмар ойындарына тәуелділікпен зардап шегетін науқастарға тиімді мамандандырылған көмекті жоғары білікті дәрігерлер, наркологтар, психотерапевттер, психологтар көрсетеді. 

Тәуелділікпен зардап шеккен адамдарды емдеу медикаменттік препараттармен қоса, заманауи психотерапевтік технологияларды кеңінен пайдалану, пациентті сауықтырғаннан кейінгі рецидивке қарсы сапалы емдеуді  көздейді. Ортақ тәуелді адамдарға отбасының тәуелді мүшелерімен сындарлы өзара іс-қимыл дағдыларын өңдеуге мүмкіндік беретін курстық  жеке және топтық психотерапия алу мүмкіндігін береді. 

Алкоголизммен және нашақорлыққа байланысты проблемаларды шешу – тек наркологиялық қызметтің міндеті ғана емес, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен әр адамның өз денсаулығына ынтымақты жауапкершілігі көзделеді. Сондықтан әр азамат өз денсаулығына, оны нығайтуға, қауіпке ұшыртапауға, салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен айналысуға жауапты болуы тиіс! 

Өмір қадірін зиянды дағдыларсыз бағалаңыз, сонда Сізде бақытты өмір сүру үшін  барынша көп уақыт пен қаражат болады! 

Бұл үшін сіз біздің сайттан пайдалы ақпарат тауып, оны пайдалана аласыз. 

Дендеріңіз сау болсын! Денсаулық – адамның зор байлығы екенін жадыңыздан шығармаңыз! 

Құрметпен, Наркология және психотерапия орталығының әкімшілігі.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Наркология және психотерапия орталығы азаматтарды ақпараттандыру аясында құқықтық-түсіндіру жұмыстарын жалғастырады. 2015 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР жаңа кодексіне сәйкес жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұл ұлғайтылды. Атап айтқанда, мас күйінде көлік жүргізуге жауапкершілік күшейтілді.

Заң бұзушылықтың бұл түрі әкімшіліктен қылмыстық әрекетке ауыстырылды. Заңда заң бұзушылықтың осы түріне бірінші рет бұзғаны үшін – 3 жылға, екінші рет – 6 жылға (15 тәулікке әкімшлік тұтқынға алу), үшінші рет – 10 жылға (90 тәулікке дейін әкімшілік тұтқынға алу) көлік басқару құқығынан айыру мерзімдері ұлғайтылды.  Назар аударыңыз!!! Егер медициналық куәландырудан бас тартсаңыз, сіз көлікті басқару құқығынан автоматы түрде айырыласыз.

ҚР Автоинспекция қызметкерлері 2014 жылғы қазаннан бастап тыныс шығару ауасында алкогольдің болуын айқындау үшін алкотестер аспаптармен жарақталды. Олар сізді алкоголь, психикалық белсенді заттарды тұтыну күдігімен тоқтата алады.  Оң нәтиже көрсеткен жағдайда хаттама жасап, шешім негізінде сот сізді үш жылға көлік құралын басқару құқығынан айырады.

Егер сіз сау екеніңізге сенімді болсаңыз, орталықта сапраптамадан өз бетінше өтуге, өтініш жазуға, мед.куәландырудан өту себебін көрсетуге құқығыңыз болады. Бастысы   ЖПБ қызметкері хаттама толтырғаннан бастап екі сағат уақыт  лимитінне аспауы тиіс.  Олай болмағанда, тексеру нәтижелері өзінің заңдық күшін жоғалтады. Сондай-ақ егер сіз мед.қорытынды актісін көрсетпесеңіз ЖКО жағдайында сақтандыру компаниялары өтемақы төлемейтінін атап өткен жөн.  Бұл қызмет ақылы, 7280 теңгені құрайды. Мед. куәландыру нәтижесі бойынша медициналық куәландыру актісі жасалады. Бір данасы Сізге беріледі, оны сотқа көрсетіп, осылайша өзіңіздің Конституциялық құқығыңызды пайдалансыз.

2014 жылғы 20 қазанда күшіне енген «Көлік құралдарын басқару құқықтарын алуға үміткер адамдарға медициналық тексеріп-қараулар жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 20 наурыздағы № 166 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 350 бұйрығына сәйкес Үміткерлерді медициналық қарап-тексеру және механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін қайта медициналық қарап-тексеру психикалық белсенді заттардың болуына тестілеуді жүргізе отырып, терапевт, невропатолог, окулист, оториноларинголог, наркологтың қарап-тексеруін қамтиды (2014 жылғы 26 маусымдағы ҚР ДМ №350 бұйрығының 10,11-тармақтары 2-бөлімі).

Нарколог дәрігердің қарап-тексеруі (немесе наркологиялық куәландыру) консультативтік-диагностикалық көмектің түрі болып табылады, ол тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі қызметінің тізбесіне кірмейді (2014 жылғы 26 маусымдағы №350 бұйрықтың 6-тармағы), сондықтан ақылы негізде жүзеге асырылады. Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміттенетін адамдарға медициналық қарап-тексеру жүргізу кезінде наркологиялық куәландырғаны үшін төлем Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен келісілген 2018 жылға араналған бекітілген ақылы қызметтер прейскурантына сәйкес алынады.

Қызметтің жалпы құны (психикалық белсенді заттарды тұтынуға тестілеу жүргізумен наркологиялық куәландыру) 3740 теңгені құрайды. Психиатр дәрігерде қарап-тексеруден өткізіңіз келсе, құны 4730 теңгені құрайды.

Назар аударыңыз!

Нұр-Сұлтан қаласы Наркология және психотерапия орталығының жаңа мекенжайы: Хусейн бен Талал 7 көшесі, 7 (ЭКСПО ауданы), жүретін автобустар: №12. 40, 51.

Жаңа орталықта наркологиялық ғылым мен практиканың заманауи жетістіктері деңгейіндегі жоғары білікті мамандар көрсететін наркологиялық көмекті алудың бірегей мүмкіндігі бар. Біз нәтижеге жұмыс жасаймыз! ӨТІНІШТІҢ ЖАСЫРЫН ТҮРДЕ БОЛАТЫНЫНА КЕПІЛДІК БЕЕРМІЗ.

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА, УАҚЫТША НӨМІРЛЕР:

Тіркеу орны: 33-14-06

Қабылдау бөлімі: 33-17-16

Бас дәрігердің қабылдау бөлмесі: 33-17-71

Бас дәрігер: 33-12-52

Бас дәрігердің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары: 33-14-15

Бас дәрігердің медициналық қызметтер сапасын бақылау жөніндегі орынбасары: 33-14-32   

CHECK-UP

Соңғы жаңалықтар