1.png2.png3.png4.png5.png6.png7.png8.png

Басты

Қымбатты келуші!

Наркология және психотерапия орталығының сайтына қош келдіңіз! 

Қазіргі заманғы жағдайда күн сайын аурулардың жаңа түрлері пайда болуда, оның ішінде тәуелділік-сырқаттар да бар. Тәуелділік-сырқатының ерекшелігі, оның өте зұлымдығында, бұл аурудан айығу біршама уақытты алады. Осындай ауруға душар болған адам  мамандандырылған  көмекке мұқтаж болады.Өкінішке орай, емделушілердің көбі аурудың ауырсалдары қалыптасқан кезде ғана наркологиялық көмекке  жүгінеді. Наркологтардың айтуы бойынша науқас  неғұрлым ертерек емделсе, соғұрлым емделу жеңіл болады. Біз өтіну құпиялылығын сақтауға кепілдік береміз.

Наркология және психотерапия орталығының қызметі психикалық белсенді заттарға душар емделушілерді сауықтыруға бағытталған. Нашақорлық, маскүнемдік, ойынқұмарлық - тек емделушінің ғана емес, сонымен бірге оның отбасының да проблемасы, нашақорлықтан/маскүнемдіктен зардап шеккен адам өзінің туыстары мен жақындарын да бақытсыз етеді. Сондықтан да біздің Орталықта тәуелді адамды сауықтыру кезінде науқастың отбасымен психотерапиялық жұмыс жасауға көңіл аударылады.

Астана қаласының наркология және психотерапия орталығы Қазақстан Республикасының наркологиялық бейіндегі ұйымдардың үздігі.Орталықтың жоғары білікті мамандары-дәрігерлер, психотерапевттер, психологтар алкоголь, нашақорлық, ойынқұмарлыққа шалдыққан науқастарға тиімді мамандандырылған көмек көрсетеді. Зардап шеккендерге дәрілік препараттарды қолданумен  қатар заманауи психотерапиялық технологияларды, пациентті оңалтудан кейін қолдаумен, рецидивке қарсы сапалы емдеудің түрлері кеңінен пайдаланылады.

Маскүнемдік/нашақорлық проблемасын шешу- тек наркологиялық қызметтің міндеті еместігін айтакеткіміз келеді. Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінде әрбір адам өз денсаулығына ортақ жауапкершілік көзделген. Сондықтан, әр азамат өзінің денсаулығы үшінжауапты болуы, оны нығайту, қатерге ұшыратпау, салауатты өмір салтын жүргізуі мен спортпен шұғылдануы  тиіс!

Наркологиялық қызмет аурудың салдарымен жұмыс жасайды, ал тәуелділіктің алдын алу-әр адамның мәселесі.  Біз Сіздерге өз денсаулығыңыз үшін жауапты болуыңызды, оны нығайту, қатерге тікпеу, саламатты өмір сүру, спортпен шұғылдануды тілейміз!

Зиянды әдетсіз өмірдің артықшылығын бағалаңыз, сонда Сізде бақытты өмір сүру үшін едәуір көп уақыт пен мүмкіндік пайдаболады!

Және біздің сайттан Сіз пайдалы ақпарат тауып және оны қолданыла алады деген үміттеміз.

Деніңіз сау болсын! Денсаулық-адамның ең құнды байлығы екендігін есіңізден шығармағайсыз!

Құрметпен, Наркология және психотерапия орталығының әкімшілігі.


Астана қаласының әкімдігінің ШЖҚ «Наркология және психотерапия орталығы» МКК азаматтарды ақпараттандыру шеңберінде құқықты түсіндіру жұмысын  жалғастырады. 2015 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген ҚР жаңа әкімшілік құқық бұзушылықтар  туралы кодексіне сәйкес, жол жүру ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтілген. Бұзушылықтың бұл түрі әкімшілікпен қылмыстық қылыққа ауыстырылды. Заңмен басқару құқығынан айыру мерзімдері көбейтілген, бірінші рет -3 жылға, екінш рет – 6 жылға және 15 тәулікке әкімшілік қамау. Үшінші рет – 10 жылға және 90 тәулік мерзімге дейін әкімшілік қамау. Назар аударыңыздар!!! Медициналық куәләндырудан бас тартқан жағдайда, Сіз автоматты түрде  автокөлікті  басқару құқығынан айырыласыз.

ҚР автоинспекция  қызметкерлері алкотесттермен – тыныс шығарған ауадағы алкоголь бар екенін анықтау үшін құралдармен жабдықталған. Олар Сізді алкоголь немесе психикалық белсенді заттарды тұтынуға күдік бойынша  тоқтатып, оң нәтиже жағдайында хаттама жасалып және шешім негізінде, сот Сізді үш жылға көлік құралын басқару құқығынан айырады. Бірақ, егер Сіз өз сау екендіңізге сенімді болсаңыз, Сізде сараптаманы  өздік түрде Орталықта өту құқығы қалады, арыз жазып, медициналық куәләндыруды өтудің себебін көрсетіп. Бастысы  - ЖПБ қызметкері  хаттама жасалғаннан кейін   екі сағат  уақыт өлшемін  асырып алмау, алайда зерттеу нәтижелері өз заң күшін жағалтады. Сондай-ақ, белгілеп кеткім келетін, егер Сіз медициналық куәләндырудын актін бермесеңіз, сақтандыру компаниясы ЖКА жағдайында өтемақыны төлемейді. Бұл қызмет ақылы, 7280 тенгені құрайды. Медициналық куәләндыру нәтижелері бойынша  медициналық куәләндыру акті жасалады. Бір данасы Сізге беріледі, оны сотта бересіз, осылайша өз конституциялық құқығыңызбен қолданыңыз.  


Құрметті қала тұрғындары!

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Наркология және психотерапия орталығы» МКК «Наркологиялық диспансерден анықтама беру» мемлекеттік қызметті І.Жансүгіров көшесі, 12 үйде орналасқан Медициналық-әлеуметтік сауықтыру орталығының диспансерлік бөлімшесінде, сондай-ақ  Астана қаласы, 20-40 көшесі, 2-үйде орналасқан Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында алуларыңызға болатындығын хабарлайды (көлік құралын басқаруға рұқсат алу үшін медтексерістен өткен кезде)

Қажет құжаттар:

1. Үміткердің жеке куәлігі.

2. Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы медициналық анықтама (форма 083/у)

Көлік құралдарын басқару құқықтарын алуға үміткер адамдарға медициналық  тексеріп-қараулар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы  20 наурыздағы №166 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 26 маусымдағы №350 бұйрығына сәйкес  көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап тексеруден өткізу терапевт, невропатолог, окулист, оториноларинголог, психобелсенді заттектердді қолдануды тексеретін нарколог дәрігердің қарауы  кіреді( ҚР ДСМ 2014 жылғы №350 бұйрығының 2 тарауы, 10,11 тармақтары). Дәрігер-наркологтың тексеріп-қарауы  (немесе наркологиялық куәландыру) медициналық қарап тексерулер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмейтін консультативтік-диагностикалық көмек болып табылады (ҚР ДСМ 2014 жылғы №350 бұйрығының 6 тармағы), сондықтан ақылы негізде жүргізіледі.  Көлік құралдарын басқару құқықтарын алуға үміткер адамдарға медициналық  тексеріп-қараулар жүргізу үшін наркологиялық куәландыруға төлем 2017 жылға Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасымен келісілген ақылы қызметтер прейскурантына сәйкес төленеді. Қызметтің жалпы құны  (психобелсенді заттектерді қолдануға сынама жүргізу наркологиялық куәландыру) 3740 теңгені құрайды.


Назар аударыңыз!

Астана қаласының медициналық-әлеуметтік оңалту орталығының жаңа мекенжайы: 31-ші көше, №7 ғимарат (Балалар жұқпалы аурулар ауруханасы мен №1 перинаталдық орталығының арасында); № 12, 40, 51автобустарменкелулеріңізгеболады.

Жаңа Орталықта наркологиялық ғылым мен тәжірибесінің заманауи жетістіктері деңгейінде жоғары білікті мамандар мен көрсетілетін көмек алуға бірегей мүмкіндік беріледі. Наркологиялық көмекалу сізге қазіргі жетістіктер. Біз нәтижеге қол жеткізу үшін жұмыс істейміз! 

БІЗ ЖАСЫРЫН ЕМДЕЛУГЕ КЕПІЛДІК БЕРЕМІЗ.    

Байланыс  телефондары жаңартылуда, уақытша нөмірлер:

Тіркеу бөлімі: 33-14-06

Анықтамабөлімі: 33-16-47

Қабылдаубөлімі33-17-16

Бас дәрігердің қабылдау бөілімі33-17-71

Бас дәрігер33-12-52

Бас дәрігердің емдеу жұмыстары жөніндегі орынбасары33-14-15

Бас дәрігердің медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі орынбасары: 33-14-32